АҚШ-та вакцина салдырған балалардың жүрегі сыр бере бастады

АҚШ-та коронавирусқа қарсы екпе салдырған жеткіншектердің жүрегі сыр бере бастаған.

Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» басылымы хабарлайды.

Елде ондаған оқиға жайлы белгілі болды. Вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін жүрек бұлшықетінің қабынуы байқалған. Сарапшылар деректер саны аз болғандықтан олардың вакциналауға қатысы жоқ болуы мүмкін екенін ескертеді. Десе де, АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы дәрігерлерді сақтық танытуға шақырды. Қазір тиісті оқиғаларға қатысты тексеру жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, 10 мамырда АҚШ-та 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат берілген еді. Канадада осы жастағы балалар вакцина қабылдап жатыр.