Қытайда Sinovac компаниясының вакцинасын балаларға қолданылуын мақұлдады

Қытайда Sinovac компаниясының вакцинасын балаларға қолданылуын мақұлдады
фото ашық дереккөзден

Қытай Sinovac фирмасының COVID-19 вирусына қарсы шығарған CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға қолдануға рұқсат берді.

Бұл туралы Sinovac фирмасының төрағасы Инь Вэйдун мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо Globaltimes-қа сілтеме жасап.

Global Times басылымының мәліметінше, CoronaVac вакцинасын 3-17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануы мақұлданған.

Бірақ компания басшысы вакцинаның қандай жағдайда салынатыны және қай жастан бастап қолданылатыны әлі шешілмегенін айтты.

Sinovac 3-17 жас аралығындағы клиникалық сынақтардың І және ІІ кезеңін аяқтаған. Оған бірнеше жүздеген ерікті қатысқан. Сынақ қорытындысы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін көрсетіпті.

Ал маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Sinovac компаниясының коронавирусқа қарсы шығарған вакцинасының шұғыл жағдайда қолданылуға болатынын мақұлдаған.