Colonial Pipeline компаниясына шабуылдаған хакерлерден 2,3 млн доллар қайтарылды

Colonial Pipeline компаниясына шабуылдаған хакерлерден 2,3 млн доллар қайтарылды

АҚШ билігі Colonial Pipeline компаниясына жасаған кибершабуыл кезінде хакерлерге криптовалютамен төлеген 2,3 млн долларын қайтарып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Виртуалды әмиянды Федереалды тергеу бюросы бұзып ашқан. Тәркілеген 63,7 биткоиндер құбырларға жасалған шабуыл кезінде алаяқтардың әмиянына аурдарылғаны белгілі. Бұған дейін Colonial Pipeline басшысы Джозеф Блаунт бопсалаушыларға криптовалютамен 4,4 млн доллар төлегенін хабарлаған еді.

Естеріңізге салайық, өткен айдын басында хакерлер Colonial Pipeline құбырын істен шығарған. Отын желісіне жасалған қастық әрекеттен негізгі құбырлардың жұмысы тоқтап, елдің шығысында мұнай өнімдерін жеткізу қиындаған. Аталған Colonial компаниясы күніне 2,5 миллион баррель газ, дизель отынын, ұшақ жанармайын және басқа да сұйық өнімдерді жеткізетін.

Пол Аббейт, Федералдық тергеу бюросы басшысының орынбасары:

- Федералды тергеу бюросы Dark Side тобы тартып алған биткоиндарды АҚШ билігіне қайтарды. Бұл топты өткен жылдан бері тергеп келеміз. Белгілі болғандай, олардың виртуалды валютасы бар әмиянына алаяқтық жолмен қаржы түседі.