Израильде мың жыл бұрынғы тауық жұмыртқасы табылды

Израильде мың жыл бұрынғы тауық жұмыртқасы табылды

Израильде археологтар құдықтан мың жыл бұрынғы тауық жұмыртқасын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» unian.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыртқаны сол кездегі адамдар қоқысқа лақтырған, қазір ол генетикалық объектіге айналды және құс шаруашылығының тарихын зерттеуге көмектеседі. Кішкентай жарықшаққа қарамастан, жұмыртқа сарысының бір бөлігі сақталған. Археологтар оны әрі қарай зерттемек.

Жұмыртқаның бұлай сақталуына құдықтың жұмсақ жеріне орналасуы көмектескен. Алайда шығару кезінде аздап жарылған, кейін ғалымдар оны қайта қалпына келтірген.

Әдетте археологтар жұмыртқаларды сирек табады. Көбінесе, ғалымдардың қолына тек жұмыртқаның сырты ғана кездесіп жатады.

Жұмыртқа ежелгі қоғамдағы диета және тамақ өндірісі туралы құнды ақпарат беруге көмектеседі.