Колумбиядағы лаңкестік шабуылдан 30-дан астам сарбаз жарақат алды

Колумбиядағы лаңкестік шабуылдан 30-дан астам сарбаз жарақат алды
Tengrinews.kz

Колумбияның Кукута қаласындағы әскер базасында бомба қойылған автокөлік жарылып, шамамен 35 сарбаз жарақат алды деп хабарлайды «Хабар 24» жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Колумбия президенті Иван Дуке бұған дейін Қорғаныс министрі Диего Моланоға Кукута армиясындағы бұл шабуылды тергеуді тапсырған болатын.