Грекияда 9 жыл бұрын ұрланған Пикассоның картинасы табылды

Грекияда 9 жыл бұрын ұрланған Пикассоның картинасы табылды

Грецияда тәртіп сақшылары 2012 жылы Афиныдағы Ұлттық өнер галереясынан ұрланған Пабло Пикассо мен Пит Мондрианның картиналарын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 49 жастағы грек картиналарды базарда сату үшін шетелге шығармақ болған. Қазір ол ұсталып, тергеліп жатыр.

Басылымның хабарлауынша, Пикассоның 1939 жылы салған картинасының құны 20 миллион еуроға жетеді. Оның артқы жағында испан суретшісінің 1949 жылы жазған нацизмге қарсы соғысқа қосқан үлесі үшін грек халқына арнаған қолтаңбасы бар.

Естеріңізге сала кетейік, аталған картиналар Афины галереясынан 2012 жылдың қаңтарында ұрланған. «Ғасыр ұрлығы» деп аталатын істі тергеуге Грецияның Ұлттық барлау қызметі де қатысты.