Гаитиде атыстан 15 адам қаза тапты

Гаитиде атыстан 15 адам қаза тапты

Гаитиде атыс болып, кем дегенде 15 адам қаза тапты, деп хабарлады France-Press.

Полицияның пікірінше, шабуылдың мақсаты – оқиғадан бірнеше сағат бұрын болған полиция қызметкерінің өлімі үшін жасалған кек болуы мүмкін.

«Герби Джефрардтың өліміне жауап ретінде оның одақтастары бүгін таңертең атыс бастады, соның салдарынан 15 бейбіт тұрғын қаза тапты», - деді Ұлттық полиция бастығы Леон Чарльз.