Атырауда 50 трансформатор қойылды

Атырауда 50 трансформатор қойылды

Атырау қаласында 50 трансформатор сатып алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 2-3 жылдан бері аптап ыстықтан ескі трансформаторлар мен электр желілері сыр беріп, облыс орталығындағы көптеген көше мен 12 елді мекенде электр қуатына мұқтаждық туындаған. Салдарынан тұрмыстық техникалар істен шығып қалғаны туралы тұрғындар дабыл қаққан еді. Оның 28 данасы орнатылып, қазір көшелердегі электр желілері ауыстырылып жатыр. Қалған 22-і қыркүйек айына дейін іске қосылуы тиіс.

Әлібек мұхамбетәлиев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Оның қазіргі таңда 15 мекенжайы белгіленді. Тағы да 35 ауылды қарастырып жатырмыз. Сол 50 дана трансформатор болады. Жалпы қала бойынша осы трансформаторларды қойғаннан кейін жарықтың дұрысталатынына біздер сенімдіміз.