Қырғызстанның экс-президенттеріне іздеу жарияланды

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің экс-президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке іздеу жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Құмтөр кенішіндегі жемқорлық ісі бойынша айыпталып жатыр. Бұл туралы осы елдің ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев хабарлады. Оның айтуынша Ақаев президент болған кезде канадалық компаниямен келісім-шарт жасасқанда заң бұзушылыққа барған. Ал, Ақаевқа жемқорлық жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, елдің бұрынғы премьер-министрлері Апас Жұмағұлов, Өмірбек Бабанов, парламенттің экс-спикері Асылбек Жәнібеков және тағы басқа шенеунктер де осы қылмыстық іске қатысы бар деп танылған. Алайда аталған үш адамға қатысты қозғалған істің ескіру мерзіміне қатысты айып күшін жойды. Қалған күдіктілер қамауда немесе іздеуде жүр. 

Камчыбек Ташиев, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы:

– Құмтөр кенішіндегі іс бойынша тергеу амалдары  жүріп жатыр. Күдіктілердің қылмыстық іске қатысы бар деген нақты дәлелдер қолда бар. Тергеу ісінің нәтижесі қанша ақша ұрланғанын да анықтады.