Испанияда орман өртінен жүздеген адам эвакуацияланды

Испанияда орман өртінен жүздеген адам эвакуацияланды

Испанияның Коста-Брава аймағындағы Ұлттық паркте орман өртеніп, 350 адам эвакуацияланды.

400 гектар жер күлге айналды. Тілсіз жаумен 90 өрт сөндіруші күресіп, 6 ұшақ жұмылдырылған. Алайда өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. От темекі шоғынан тұтанған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жергілікті тұрғын:

– Таңертең суға шомылуға барғанда орман жақтан түтін шығып жатқанын байқағанбыз. Содан ол күшейе түсті. Ал түстен кейін айналаны түтін басып, демала алмай қалдық. 

ОРМАН ӨРТІ ДЕС БЕРМЕЙ ТҰР

АҚШ-та да орман өрті дес бермей тұр. Аптап ыстықтан елдің батысындағы 5 штатта от лаулады. Солардың бірі Калифорнияның солтүстігіндегі Плумас ұлттық паркіндегі орман өрті.