Түркияда жантүршігерлік апаттан 14 адам көз жұмды – БАҚ

Түркияда жантүршігерлік апаттан 14 адам көз жұмды – БАҚ

Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир провинциясында автобус апатынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні Anadolu Ajansı агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, 11 адам оқиға орнында көз жұмған, ауруханаға жеткізілген үш адамды да аман алып қалу мүмкін болмаған. 

«Бүгін 4.40-та Балыкесир – Эдремит рейсін орындаған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Балыкесир маңында аударылды. Он бір адам оқиға орнында мерт болды, үш жолаушы ауруханада көз жұмды. 18 адам жараланды, олар бес ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады жергілікті билік.

Оқиғаға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр.