Грекияда тағы үш ірі орман өрті тіркелді

Грекияда тағы үш ірі орман өрті тіркелді

Алғашқысы Эвия аралында, қалған екеуі Грекияның орталық бөлігінде тұтанып, әп-сәтте жайылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір құтқарушылар тұрғындарды жанталаса эвакуациялап жатыр. «Өрттің қарқын алуына елдегі аптап ыстық пен қатты жел себеп», - дейді мамандар. Өйткені мұндай ыстық Грекияда соңғы 30 жылда болмаған.

Блиц:

- Енді не істерімді білмеймін. Өрт кесірінен үйімнен айырылып қалдым. Алапат өрт ауылымызды тып-типыл етті. Тұрғындарға шұғыл түрде көмек қажет.