Қытайда алтынға сұраныс 70% артты

Қытайда алтынға сұраныс 70% артты

Жыл басынан бері 350 тонна алтыннан жасалған бұйым сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар пандемияға дейін мұндай көрсеткіш болмағанын айтады. Сарапшылар сұраныстың артуын ел экономикасының тұрақталуымен байланыстырып отыр. Қазір Қытайда көбінесе 24 каратты алтын сатылады. Бұл қоспасыз жасалған бағалы металл. Біздің елде оны 999 сынамамен белгілейді.

Чжан Хуэй, зергерлік бұйымдар дүкенінің басшысы:

- Қытай тұрғындары әшекей мен зергерлік бұйымдарды жақсы көреді. Биыл 24 каратты алтынның бағасы төмендей салысымен оған деген сұраныс артып кетті. Былтырғы пандемияда бұлай болған жоқ. Биыл жағдай оңалды. Халық сыртқа шығып, сауда жасайтын болды.

Қытай билігі тұрғындарға алтын сатып алу үшін купон тарата бастады. Бұл шара ішкі нарыққа да оң ықпалын тигізді. Болжамға сүйенсек, алтынға деген сұраныс жыл соңына дейін артуы тиіс.