Португалияда 12-15 жастағы балаларға вакцина салынады  

Португалияда 12-15 жастағы балаларға вакцина салынады  

Португалияда 12 мен 15 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат берілді. Бұл туралы жергілікті RTP телерадио компаниясы хабарлады.

Ресми санақ бойынша, еуропалық елде аталған жас аралығында 400 мыңға жуық жеткіншек тұрады. Португалияда жасы 12-ден асқан балаларға екпе салу мәселесі ұзақ әрі қызу талқыланды. Ақыры билік Еуропалық одақ пен АҚШ-та жүргізілген зерттеулер негізінде вакцина салу туралы шешімге келген.