Чилиде қайта вакциналау шарасы басталды

Чилиде қайта вакциналау шарасы басталды

Наурыздың соңына дейін вакцинаның екі дозасын қабылдап үлгергендер енді үшінші мәрте егіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көпшілік AstraZeneca компаниясының препаратын қабылдамақ. Жергілікті билік аймақта ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы үшін қайта вакциналау шарасы қажет дегенді алға тартады.

Энрике Парис, денсаулық сақтау министрі:

– Барлық вакцина бастапқыда адам ағзасында антиденелердің көбеюіне әкеледі. Алайда зерттеу нәтижесі бойынша алты айдан кейін олардың саны азаяды. Сондықтан қайта вакциналауды мақұлдап отырмыз. Бұл шара Германия, Израиль, Уругвай мен басқа да елдерде қолға алынған.