Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 21-ге артты

Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 21-ге артты
фото: novayagazeta.ru

Қытайдың Хубэй провинциясында су тасқынынан қаза тапқандардың саны 21-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 4 тұрғын із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Жалпы табиғат апатынан 8 мыңға жуық адам зардап шеккен. 2700 баспана мен 200 ғимарат қирады. Табиғаттың тосын мінезінен аймақтағы көпір қирап қалған. Қазір жергілікті халық байланыссыз және жарықсыз отыр.

Естеріңізге салайық, өткен айда болған тасқыннан да елдің Хэнань провинциясы қатты зардап шеккен еді. Ол кезде апаттан 300 адам мерт болып, 50 тұрғын жоғалып кетті.