Кабулдан адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр

Ауғанстанда дүрбелең басылмай тұр. Кабулдағы Хамид Карзай әуежайы арқылы шетелдіктер мен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Ұлыбритания Қарулы күштері осы елден тағы 200 адамды алып шықты. Босқындар Англияның солтүстігіндегі Брайз-Нортон әскери әуе жайына жеткізілді. Жалпы біріккен корольдік бұл елден 20 мың азаматты қабылдауға ниетті.

Ал Италияға бүгін 80 ауғанстан тұрғыны жеткізілді. Олардың басым бөлігі ­– әйелдер мен балалар. Босқындар Колле-Изарко мекеніндегі әскери базаға орналастырылды. Коронавирус таралмауы үшін мигранттар 10 күн карантинде болады. Жалпы Италияға 1 мыңнан аса адам жеткізілген.