Гаитиде гуманитарлық дағдарыс күшейіп барады

Гаитиде гуманитарлық дағдарыс күшейіп барады

20 күндей бұрын болған зілзаладан зардап шеккендер қазір шатырларда тұрып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекетке жеткізілген азық-түлік те таусылуға жақын. Тығырыққа тірелген тұрғындар күнкөрістің түрлі амалдарын қарастырып әлек. Кейбірі тас жолдан өткен көлік жүргізушілерінен көмек сұраса, басқалары отбасын асырау үшін қолындағы барын саудалауда. Негізі зардап шеккендердің көбі мал бағып, әртүрлі дақылдар егіп, бұрыннан өз бетінше күнелтіп жүрген еңбек адамдары.

Айта кетейік, осы айда болған жер сілкінісінен 2200-ден астам тұрғын көз жұмды.

БЛИЦ:

- Үйсіз қалдық. Бізде түк жоқ. Мына жерге орналастырған. Енді бір көмек болатын шығар деп күтіп жүрміз.

- Зілзаладан жақындарым мерт болды. Үйімнен де айырылдым. 13 ешкім бар еді, екеуі ғана қалды. Басқа амалым болмағандықтан, қалған ешкілерді сатқалы тұрмын. Ақша ауадай қажет.