Таиландта вакциналау автобусы іске қосылды

Таиландта вакциналау автобусы іске қосылды

Таиланд астанасы Бангкокта мобильді автобус іске қосылды.

Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар, созылмалы аурулары бар тұрғындар мен қарттардың коронавирусқа қарсы вакцина алуы үшін жасалып отыр. Өйткені олар белгілі себептермен екпе орталықтарына жете алмай жатады. Соның салдарынан вакциналау науқаны тежеліп тұр. Автобус көше-көшені аралап, ондағы мамандар күніне 1 мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Айта кеткен жөн, Таиландта халықты жаппай вакциналау науқаны кештеу басталған еді. Осыған байланысты иммундау көрсеткіштері әзірге төмен болып тұр. Мұнда препараттың екі дозасын халықтың небәрі 16,5 проценті ғана алған екен.

Асвин Кванмуанг, Бангкок губернаторы:

–Әзірге тек бір ғана автобус жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы бірнешеуін іске қосамыз. Автобустың ішінде 5-6 маман болады. Олар күніне мың адамға екпе сала алады