Якутиялық бағбан 60 градус аяз болатын аймақта алма өсіріп отыр

Бабын тапсаң, кез келген жемісті аязда да өсіруге болады.

Якутиялық бағбан Никифор Иванов бұған өз тәжірибесі арқылы көз жеткізген. Бүгінде ол ауа температурасы минус 60 градусқа түсетін аймақта алма өсіріп, өнім алып отыр. Бір қызығы, алмалардың үлкендігі моншақтай ғана. Бұл аймақтағы климаттық ерекшеліктердің салдары дейді ол. Себебі суықтың кесірінен алмалар әдеттегі көлеміне жетпей қалады екен.