Қытай көмір электр станцияларын қаржыландыруды тоқтатады

Қытай көмір электр станцияларын қаржыландыруды тоқтатады

Қытай шетелде көмір электр станцияларын қаржыландыруды тоқтатып, экологиялық таза энергетиканы қолдауға күш салады.

Бұл туралы осы елдің төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының пікірталасы кезінде мәлімдеді. Алпауыт мемлекет жаңа көмір саясаты күшіне енген соң дамушы елдердегі 47 көмір электр станциясын жабуы мүмкін. Ал өз елінде 2060 жылға қарай көмірден толықтай бас тартуды көздеп отыр.

Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бірер күн бұрын климаттың жылынуынан туындауы мүмкін ғаламдық дағдарысты тоқтату үшін 2030 жылға қарай көмірқышқыл газын шығаруды 45%-ке дейін азайтуға шақырған еді.