Эльбруста қаза тапқан альпинистердің саны бес адамға жетті

Эльбруста қаза тапқан альпинистердің саны бес адамға жетті
фото: lenta.ru

Белгілі болғандай, тауға екі гид пен 17 саяхатшы көтерілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Альпинистер қатты боран тұрғандықтан құтқарушылардан көмек сұрады. 14 адам құтқарылды. Кейбіреулерінің қол-аяғы сынған, көбін үсік шалған. Олар Азау алаңына эвакуацияланып, дәрігерлерге тапсырылды. Құтқару-іздестіру жұмыстары аяқталды. Шараға 70 маман мен 16 техника жұмылдырылды. Альпинистердің барлығы 30-дан асқан азаматтар. Ресейден келген туристер бұған дейін тауға шығып көрмеген екен. Оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.