Швецияда карантин шектеулері алынып тасталды

Швецияда коронавирустың таралуына қатысты шектеу шараларының көбі алынып тасталды. Елде бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға рұқсат берілді.

Мейрамханаларда келушілер 1 жарым метрлік арақашықтықты сақтауға міндетті емес. Адам санына қатысты шектеу жоқ. Биліктің мұндай қадамға баруына елдегі вирус жұқтыру дерегінің азаюы себеп болды. Сондай-ақ Швецияда халықты вакциналау да қарқынды жүргізілді. Қазір ел азаматтарының 65 процентінен астамы ковидке қарсы препараттың екі дозасын да салдырған. Ал бірінші компонентті алғандар 70 проценттің шамасында.