Әлемде түберкулезден қайтыс болғандар саны артты

Әлемде түберкулезден қайтыс болғандар саны артты

Кейінгі 10 жылда жағдай қалыпқа түсіп, түзеліп келе жатқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ пандемия дегенін істеді. Өйткені бар күш коронавируспен күреске жұмылдырылды. Сөйтіп бұл аурумен ауыратын адамдардың медициналық көмек алуы қиындаған. Шектеулер салдарынан уақтылы диагноз қойылмады. Сонымен былтыр әлемде туберкулезден шамамен 1,5 миллион адам көз жұмған екен. Ал мамандар бұл ауру бойынша кісі өлімі келер жылы да артуы мүмкін дейді.