Ғалымдар Хендра вирусының жаңа генотипін анықтады

Хендра вирусының жаңа генотипін анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Австралиялық ғалымдар бұл енді адамдарға жұқпаса екен дейді. Себебі бұл вирус әдетте жарқанаттар арқылы жылқыға жабысады. Кейін адамдарға да жұғуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, мұндай дертке ұшыраған адамдар арасындағы өлім қаупі – 60 процент.

Айта кетейік, Хендра вирусы тақауда Үндістанда анықталған Нипах инфекциясымен бір топқа жатады.