Мексика шекарасында миграциялық дағдарыс ушықты

Мексика шекарасында миграциялық дағдарыс ушықты

Мексиканың оңтүстігінде мыңдаған мигрант АҚШ-қа өте алмай отыр. Босқындардың көбі Гаити тұрғындары.

Олар әзірге Тапачула қаласының Олимпиада стадионындағы уақытша орталыққа орналастырылған. Бұл база 1 ай бұрын ашылған. Ондағы басты мақсат мигранттарды қабылдау процесін жедел іске асыру болатын. Бірақ бұл іс өте баяу жүріп жатыр. Мексика арқылы АҚШ-қа ағылған босқындар нөпірі жыл басында күшейді.

Бір ғана тамыз айындағы есеп бойынша Америка билігі 200 мыңға жуық босқынды шекарадан заңсыз өткені үшін қамауға алған. 

Жан Бенсон Леон, гаитилік мигрант:

- Бұл қалада бізге түк жағдай жасалып жатқан жоқ. Қалтамызда көк тиын ақша қалмады. Бір тілім нанға зар болып отырмыз. Әсіресе кішкентай қызыма обал.