Петропавлда банан жеміс берді

Петропавлда банан өсіп тұр. Ботаникалық бақтың қызметкерлері тропикалық өсімдік 33 жыл бойы жеміс бермегенін айтады. Биыл алғаш рет бүршік жарды.

«Енді қаңтар айында пісіп жетілуі тиіс», - дейді мамандар. Оның дәнін оранжереяға агрономдар Вьетнамнан әкелген екен. Ботаникалық бақта сонымен қатар мандарин, лимон, папайя секілді жеміс ағаштары жайқалып тұр.

Артур Разяпов, ботаникалық бақтың директоры:

- Қазір бұл кішкентай аналық тұқымдар. Бұған дейін банан өсімдігі бір де бір рет жеміс бермеді. Соңғы жылдары тіпті гүлдеуін де қойған. Сосын басқа жерге егіп көріп едік бірден өсіп шықты.