Дауыл Кремль қабырғасының үшкір ұшын сындырды

Дауыл Кремль қабырғасының үшкір ұшын сындырды

Мәскеуде алай-дүлей дауыл тұрып, жұрт көшеге шығуға қорқып қалды.

Кремльдің берік қабырғасының кірпіштері де ұшып, төңіректің астаң-кестеңі шыққан. Кей ақпаратқа қарағанда құрылысқа пайдаланатын саты құлап, Кремль қабырғасына соғылған. Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Қатты жел талдарды тамырымен қоса қопарып, автобус аялдамаларын құлатты.