Мадагаскарда миллионға жуық адам аштықта өмір сүруде

Мадагаскарда миллионға жуық адам аштықта өмір сүруде

Мадагаскардың оңтүстігінде миллионнан астам адам жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған ашаршылықта өмір сүруге мәжбүр. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Мадагаскарға көпжылдық құрғақшылық қатты әсер еткені атап өтілді. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі Элис Рахманның айтуынша, кейбір жерлерде адамдар әлі де бір нәрсе өсіре алуы мүмкін, бірақ жағдай жыл сайын қиындап барады. Елдің басқа аймақтарында мүлдем ештеңе өспейді деп айтуға болады. Тұрғындарға жемістен бөлек, шегірткелер мен кактус жапырақтарын жеп өмір сүруге тырысып бағуда. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ел Үкіметімен ынтымақтастық орнатып, нәтижесінде 700 мыңға жуық адам азық-түлікпен көмек алатын болды. Десек те, бұл жеткіліксіз. Елге халықаралыө көмек қажет.