Нигерияда түрмеге шабуыл жасалып, 575 адам қашып кетті
Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге белгісіз қарулы топ шабуыл жасап, 500-ден аса адамды босатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Содырлар алдымен абақты күзетшілеріне оқ атып, кейін оның қабырғасын жарылғышпен жарып жіберген. Сөйтіп 800-ге жуық сотталушы қашып шыққан. Бірақ колония қызметкерлері артынан 260-тан астамын қайта ұстады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2007 салынған бұл түрме 160 адамға шақталған. Бірақ оқиға кезінде онда 900-ден аса адам жазасын өтеп жатқан екен.