Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды

Өзбекстанда президент сайлауы аяқталды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ала шапанды ағайындардың барлығы дерлік өз таңдауын жасап үлгірді.

Таңсәріден бастап жұмыс істеген сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері дауыс беру парақтарын есептеуге кіріскен. Жалпы өрескел заңбұзушылықтар тіркелмеген. Саяси маңызды науқанды 1 мыңға жуық халықаралық байқаушы қадағалады. Олар өздерінің бағаларын ертең жариялайды. Өзбекстанда экзит пол ((exit pool)) ұйымдастырылмайды. Алдын ала қорытындыларды білу мүмкін емес. Сондықтан орталық сайлау комиссиясының ресми жариялауын күту қажет. Ал олардың заң жүзінде қарашаның 3-іне дейін уақыты бар.