Шри-Ланкада су тасқынынан алты адам мерт болды

Шри-Ланкада су тасқынынан алты адам мерт болды

Өңірдегі алапат су тасқынынан 4300 тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта бірнеше күн қатарынан жауған нөсер жауын тасқынға ұласқан. Табиғат апатынан өзен-көлдер арнасынан асып-тасыды. Салдарынан жүздеген баспана жарамсыз күйге айналды. Жолдар жабылып, көлік қозғалысы тежелді. Мамандар жаңбыр осы апта бойы жауатынын айтады. Ал билік елдің 25 ауданында лай көшкіні жүру қаупі бар деп ескертті.