434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабулда жарылыс болды, қаза тапқандар бар

  • 158
  • UPD: 19:59, 13.11.2021
Кабулда жарылыс болды, қаза тапқандар бар

Жарылыс Ауғанстан астанасының батыс бөлігінде жарылыс болды. Талибан өкілдері жарылыс кезінде қаза тапқандар бар екенін растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

The Khaama Press агенттігінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 17:00 шамасында Ауғанстан астанасының Дашти Арчи ауданында болған. Билік өкілдерінің айтуынша, көлікке бекітілген бомба жарылған. Зардап шеккендердің саны әлі анықталған жоқ. 

Талибан өкілі бұл ақпаратты растап, кем дегенде бір адам қайтыс болғанын, екі адамның зардап шеккенін айтты.  

Хабар 24 телеарнасы