Беларусь пен Польша шекарасында мигранттар митинг өткізді

Беларусь пен Польша шекарасында мигранттар митинг өткізді

Босқындар Еуропалық одақтан өздерін босқын деп тануын талап етіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Беларусьтан Польшаға қарай өтуге талпынған босқындар гуманитарлық дәліз ашып, одақтың кез келген еліне өтуіне рұқсат беруін сұрауда. Мигранттар кері қайтармауды және бейбіт мемлекетте өмір сүруді қалайтындарын айтады.

– Біз мұнда бейбіт қауіпсіз өмірді армандап келдік. Ирак пен Күрдістанда жағдай тұрақсыз, қауіп көп. Сондықтан көмек қажет. Бізді Еуропаның кез келген еліне жіберуді сұраймыз.