Ресейдегі жарылыстан қайтыс болғандар саны 52-ге жетті

Ресейдегі жарылыстан қайтыс болғандар саны 52-ге жетті

Ресейдің Куз-басстағы «Листвяжская» шахтасындағы құрбандар арасында 6 құтқарушы бар, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы шұғыл қызмет өкілі хабарлады. Қайғылы оқиғаға метан газының жарылысы себеп болған. Тергеу барысында кен орнының директоры, оның біріншісі орынбасары мен учаске басшысы қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша ұсталғандарға өндіріс нысандарында қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол берді деген айып тағылып отыр. Кеншілер түтінге тұншығып, жан тапсырған. Жалпы төтенше жағдай кезінде кен орнында 285 жұмысшы болған.

Сергей Голубин, кенші:

– Соққы. Ауа. Шаң. Газдың иісі таралды. Сосын мүмкіндігі барлар сыртқа шыға бастады. Не болғанын бірден түсіне алмадық. Біраз газ жұтып қойдық. Бізді құтқарып алды.