Беларусь шекарасындағы мигранттар өз елдеріне қайтарылып жатыр

Беларусь шекарасындағы мигранттар өз елдеріне қайтарылып жатыр

Минск әуежайынан Ирактан келген тағы жүздеген мигрант отанына қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олар Беларусь-Польша шекарасы арқылы ЕуроОдаққа заңсыз өтпек болған кезде ұсталған. Кейін шекара маңындағы лагерьге орналастырылып, кейбірі отанына оралуға ниет білдірген.

Еске сала кетейік, соңғы айларда Беларусь пен Польша шекарасына мыңдаған заңсыз мигрант жиналып жағдай ушыққан.

Беларусь билігінің мәлімдеуінше, бұл елдің шекарашылары биыл жыл басынан Еуропаға қарай заңсыз өтпек болған 11 жарым мыңнан аса мигрантты ұстаған.  

Ирактың Беларусьтағы консулы:

– Бүгін екі рейс болады. Ертең тағы 2 ұшақпен 650 адам кері қайтарылады. Жалпы айтқанда Беларусьте қанша ирактық мигрант болмасын бәрін елге қайтаруға ниеттіміз.