Бельгия да саяхатшылардың келуіне шектеу қойды

Бельгия да саяхатшылардың келуіне шектеу қойды

Бельгия бүгіннен бастап Оңтүстік Африкадағы жеті елден келген саяхатшылардың елге кіруіне шектеу енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Дегенмен жүк, репатриациялық және гуманитарлық рейстер жүзеге асырыла бермек. Ал туристерге қатысты шектеуге елде коронавирустың «Омикрон» деп аталатын жаңа штамды алғаш жұқтыру дерегі тіркелуіне байланысты болып отыр. Ол осы Оңтүстік Африка елдерінен ұшып келген азаматтардың бірінен анықталған. Осыған байланысты қызыл аймақтан оралған адамдардың барлығын 10 күндік карантинге жабу шешілген. Жалпы Бельгияда соңғы кезде дельта штамын жұқтырушылар көбейген. Өткен аптада вирус 22 мыңнан астам адамнан анықталған. Ауруханаға түскен науқас саны өсіп, өлім-жітім артқан. Салдарынан Корольдікте шектеу шаралары қатаңдатылып, билік тұрғындарды бустерлі доза салдыруға шақырып жатыр.