Латын Америкасы омикронға қарсы шұғыл шаралар қабылдап жатыр

Латын Америкасы омикронға қарсы шұғыл шаралар қабылдап жатыр

Латын Америкасы елдері де коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулерді қатаңдатып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бразилия Африканың алты елінің саяхатшыларына ел аумағына кіруге тыйым салды. Чилиде де ертеңнен бастап осындай шара енгізіледі. Куба желтоқсанның 4-інен бастап Африка құрлығынан келетін барлық жолаушыларынан вакцина салдырғанын дәлелдейтін құжат талап етіледі. Сондай-ақ шетелдік үш рет ПТР-тест тапсырып, 1 апта карантинге жабылады. Ал Аргентина қара құрлықтағы елдермен әуе байланысын уақытша тоқтатады.

Карла Визотти Аргентина денсаулық сақтау министрі:

– Біз африкаға тікелей рейстерді желтоқсанның ортасында қалпына келтірсек деп ойлағанбыз. Енді бұл жоспарымызды кейінге қалдыратын болдық. Індеттің таралуын болдырмас үшін соңғы 2 аптада осы құрлықта болған азаматтар ПТР-тест тапсырып карантинге жабылады.

Ал Италияның Милан қаласының билігі  шаһар тұрғындарына бетперде тағуды қайта міндеттеді. Шара биылғы жылдың аяғына дейін қолданылады. Тәртіпті полиция қадағалап, заңды бұзушыларға 300 еуро айыппұл салу қарастырылған.