Ресейде ПТР-тесттің жарамдылық мерзімі қысқартылды

Ресейде ПТР-тесттің жарамдылық мерзімі қысқартылды
Egemen Qazaqstan

Ресей билігі адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын білдіретін ПТР-тесттің жарамдылық мерзімін қысқартты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді 72 сағаттың орнына құжат 48 сағат қана жарамды болады. Бұл туралы Ресей тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметінің басшысы Анна Попова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім әлемде жаңа штамның таралуына байланысты қабылданған. Қазір ел шекарасында шетелдік жолаушылар қатаң тексеріледі. Ал өзге елден оралған ел азаматтары әуежайда тест тапсырып, 2 апталық карантинде қалуы тиіс. Ресейде омикронды жұқтырудың дерегі тіркелмеген.