Алек Болдуин фильм алаңындағы қайғылы оқиғадан кейін алғаш сұхбат берді

Голливуд әртісі Алек Болдуин фильм алаңында болған қайғылы оқиға үшін өзін кінәлі деп санамайды. Бұл туралы ол Эй-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Әртістің айтуынша, ол тапаншаның шүріппесін баспаған. Тек операторға көрсетіп, төмен түсіре бергенде, қару өздігінен атылып кеткен. Қаруға шын оқ, қалай салынып қойғанын да білмейтінін жеткізді. Кино саласында еңбек еткен 40 жыл ішінде қарумен, ешқашан мәселе туындаған емес дейді.

Еске сала кетейік, 21 қазан күні АҚШ-тың Нью-Мексика штатында Тот фильмін түсіру кезінде әртіс Алек Болдуин тапаншасы атылып, оператор алған жарақатынан көз жұмды. Ал режисер жарақат алды. Тапаншаға шын оқты, кім салып қойғаны әлі белгісіз. Тергеу жалғасуда.