Жапонияда көрмеге келушілерге қолшатыр беріп, ковидтен сақтануға шақырады

Жапонияда көрмеге келушілерге қолшатыр беріп, ковидтен сақтануға шақырады

Қолшатыр – әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың құралы, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Токиода өтіп жатқан көрме ұйымдастырушылары осындай ерекше бір ереже енгізді. Шараға келушілердің барлығына қолшатыр үлестіріледі. Бұл көрмеге кірген адамдардың санын бақылауға көмектеседі.

Айта кету керек, қазір Жапонияда індет басылып келеді. Бұл елде халықтың 80% вакциналанған. Ал желтоқсанның бірінен бастап үшінші екпе салдыруға кірісіп кетті.

Сатоко Хаяши, суретші:

– Науқастар саны азайып, сыртқа көбірек адам шығатын болды. Бірақ көбісі әлеуметтік арақашықтықты сақтауды ұмытады. Қолшатыр маған көрмеде тиісті қашықтық ұстап тұруға көмектеседі.