Перу тарихындағы ең көп есірткі жойылды

Перуде биыл жыл басынан бері 83 тонна есірткі жойылған. Осы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, бұл ел тарихындағы ең рекордты көрсеткіш.

Елдің есірткімен күрес қызметі қыркүйек пен қараша айының өзінде 13 мың тоннадан астам есірткі заттарын қолға түсірген. Латын Америкасы қазір есірткілерді сату бойынша ғаламдық сауда орталығына айналған. Есірткінің заңсыз айналымы 650 миллион долларды құрайды. Олардың ішінде Перу мен Колумбия әлемдегі кокаинді ең көп өндіруші мемлекеттер болып саналады.