Польшаның шекарасын Британия мен Эстония қосылып күзететін болды

Польшаның шекарасын Британия мен Эстония қосылып күзететін болды

Ұлыбритания мен Эстония әскері Польша шекарасын қорғауға көмектеседі. 150-ден астам сарбаз сәуір айының соңына дейін қызмет етеді.

Әскерилер ескі қоршауды бекітіп, жаңасын салмақ. Ол бақылау құралдары және датчиктермен жабдықталады. Миграциялық дағдарыс басталған кезде Польша тарапы Беларусьпен шекарасында тікенек сымнан қоршау орнатқан болатын. Алайда бұл босқындарға айтарлықтай кедергі келтірген жоқ. Шекараны заңсыз өтуге бағытталған әрекет азайғанымен мигранттар ашуға булығып, озбыр қимылға жиі баратын болды. Осыған дейін Литва үкіметі Беларусьпен іргелес аудандарында төтенше жағдай мерзімін бір айға ұзартқан болатын.