Өзбекстанда сауда үйіндегі жарылыстан тоғыз адам зардап шекті

Өзбекстанда сауда үйіндегі жарылыстан тоғыз адам зардап шекті
gazeta.uz

7 желтоқсан күні түнде Өзбекстанның Сурхандарья облысындағы Денау қаласында екі қабатты «Инденим» сауда кешенінде жарылыс болды.

Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап gazeta.uz хабарлайды.

Жарылыстан ғимараттың қабырғалары құлаған. Ғимарат ішінде болған тоғыз адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Өрт толық сөндірілген.

Оқиғаға не себеп болғанын арнайы комиссия анықтайды.