АҚШ-тағы атыс: 13 адам жараланып, біреуі қайтыс болды

АҚШ-тағы атыс: 13 адам жараланып, біреуі қайтыс болды
кorrespondent

Бейтаунда атыс болып, бір адам қайтыс болды және кем дегенде 13 адам жарақат алған.

Бұл туралы «Хабар 24» Associated Press сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті шериф Эд Гонсалестің айтуынша, адамдар әуе шарларын ұшырып жатқан кезде көлік тоқтап, ішінен белгісіз адамдар жиналғандарға оқ жаудырған. Куәгерлердің бірі атыс басталғаннан кейін дүрбелең болғанын айтты. Әзірге атыстың мафияға қатысы бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Шериф адамдардың көпшілігі кездейсоқ құрбан болуы мүмкін екенін атап өтті.