Санкт-Петербургте әскери кеме өртенді – БАҚ

 

Санкт-Петербор қаласында әскери кеме өртенді.

Ақпарат көздері өрттен 3 адамның жарақат алғанын хабарлайды. «Северная верфь» зауытында жасалып жатқан «Проворный» атты әскери кемедегі отты сөндіру үшін 42 техника мен 170 құтқарушы жұмылдырылды.  Қызыл жалын 800 шаршы метрге жайылған. Алып кемені Ресейдің әскери теңіз күштері  алдағы жылдың соңында қолданысқа енгізуі тиіс еді.

Өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша қауіпсіздік техникасы сақталмаған болуы мүмкін