Конгода жарылыстан 7 адам қаза тапты

Конгода жарылыстан 7 адам қаза тапты

Конго демократиялық республикасында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты. Тағы 13 адам жарақат алды.

Оқиға елдің шығысындағы Бени қаласында болды. Бір адам қалада Рождество мерекесі өтіп жатқан мейрамхананың біріне кіріп, өзін жарып жіберген. Шабуылды ешқандай лаңкестік ұйым мойынына алған жоқ. Содырлар іздестіріліп жатыр.