Колумбияда автобус жардан құлады: қаза тапқандар бар

Колумбияда автобус жардан құлады: қаза тапқандар бар

Колумбияның орталық бөлігінде 50-ден астам адамды тасымалдайтын туристік автобус жолдан шығып кетіп, жардан құлады. Салдарынан жеті адам қаза тапты, оның ішінде жүргізуші де бар, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net сілтеме жасап.

Апат ел астанасы Богота мен Медельин қаласын байланыстыратын жолда болған. 

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 46 жолаушы құтқарылған. Олардың 30-дан астамы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды.

Que Pasa басылымының ақпараты бойынша қайтыс болғандардың ішінде жүкті әйел де бар. Ал зардап шеккендердің арасында алты адамның жағдайы ауыр. Қалғандары жеңіл жарақат алған.