Түркияда ковид жұққандар саны артты

Түркияда ковид жұққандар саны артты

Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны қайта артты. Соңғы тәулікте елде 26 мыңнан астам адам қауіпті індетке шалдығып, 157 науқас көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, жаңа инфекциялардың 10%-ін  омикрон штамы құрап отыр. Бірақ қосымша сақтық шаралары мен шектеулер енгізілмеді.

Министрліктің мәліметінше, ауруханада ем қабылдап жатқандардың басым бөлігі екпе алмағандар. Дегенмен, елде халықтың 91 проценттен астамы вакцинаның бірінші дозасын, ал қос препаратты 82 проценттен астамы қабылдаған. Сондай-ақ үшінші дозаны салдырғандар да аз емес. Қазірге дейін 17 миллионнан астам тұрғын екпе алған. Елде коронавирусқа қарсы «Sinovac» пен Pfizer, BioNTech вакцинасы қолданылып келеді. Соңғы бірер күнде олардың қатарына отандық «Turkovac» екпесі қосылды.