Жаңа жылда ешқайда қыдырмаңыздар – АҚШ бас санитар дәрігері

Жаңа жыл жақындаған сайын АҚШ-тағы эпидахуал ушығып барады. Американдық дәрігерлер адам көп шоғырланатын жерлерден аулақ болып, мереке күндерді отбасы аясында қарсы алуға кеңес беруде.

Қазірдің өзінде ауырғандардың саны өткен аптамен салыстырғанда 47 процентке, ал оның алдындағы аптамен салыстырғанда 65 процентке өсіп отыр. Әсіресе Делавер, Мэриланд, Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарындағы жағдай тіпті нашар. Антирекорд салдарынан ковид тестілеу орталықтарының алдында ұзын-сонар кезек қалыптасып, мыңдаған әуе рейстері кейінге қалдырылуда. АҚШ-тың бас дәрігері қатерлі індетті жұқтырғандардың саны алдағы күндері едәуір артуы мүмкін деп, халықты сақ болуға шақыруда.

Естеріңізге салайық, осы уақытқа дейін ковид індетін 52 миллион американдық жұқтырып, 816 мыңы қайтыс болды.

Энтони Фаучи, АҚШ-тың Аллергия және инфекциялық аурулар институтының директоры:

- Науқастардың дені вакцина алмағандар. Бустерлі дозаға да немқұрайлы қарайтындар көп. Қазіргі зерттеулерге сүйенсек, бустер екпесі омикронға қарсы өте тиімді екені дәлелденді. Сондықтан вакцинаны дер кезінде алыңыздар.

Сондай-ақ...